ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2022 | 10:55
Мәжіліс төрағасы депутаттарға үн қатты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс спикері Палата отырысын аша отырып, депутаттарды Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтады.
"Өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларына деген сенімінің жарқын көрсеткіші. Шынын айту керек, үлкен іс атқарылды. Ел болып жұмылып, референдумды абыроймен атқардық. Осы жұмыстың бел ортасында өздеріңіз де жүрдіңіздер. Депутаттар күніне 250-ге жуық кездесу өткізді. Сол үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді ол.
Қошановтың сөзінше, жақында өткен референдум "Жаңа Қазақстанға" жол ашты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі үндеуінде атап өткендей, Конституциялық реформа құқықтық жүйені толық жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сондықтан депутаттар әлемдік тәжірибені ескере отырып, тиімді құқықтық және сот жүйесін құру үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізуі қажет. Президент заңнамада мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін нормалар болмауға тиіс екенін ерекше атап өтті. Жалпы, алдағы уақытта Конституциялық реформаларды іске асыру үшін біраз жұмыс атқарылады. Көптеген заңнамалық актіге өзгеріс енгізу керек. Сондықтан Мемлекет басшысының сенімін ақтап, саяси өзгерістерді заңнамалық тұрғыда сапалы әрі жедел іске асыруымыз қажет", - дейді Мәжіліс төрағасы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также