ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2022 | 11:28
Мәжіліс Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады
Мәжіліс депутаттары 2022 жылы Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаттары 2022 жылы Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық қордан түсетін трансферттің көлемін 4 триллион 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, қаражат республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордың мақсатты көрсеткіштері фискалдық шектерде қалады", - деді Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Депутаттар "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасына дауыс берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также