ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қазан 2024 10:21
Мәжіліске жаңа депутат келді
Жаңа депутат Серік Ерубаев Парламент Мәжілісі комитеттерінің бірінің құрамына сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Мәжілістің "Ақ жол" партиясынан депутат Серік Ерубаев қатарымызға қосылды", - деді палата спикері Ерлан Қошанов жалпы отырыста.
Жаңадан сайланған депутат биыл жазда мандатынан айырылып, "Ақ жол" партиясынан шығарылған Асқар Садықовтың орнына келген.
Мәжілістің жалпы отырысында Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрамына да сайланды. Оны депутат Снежанна Имашева басқарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу