10 мамыр 2023 | 11:46

Мәжілісте электрсамокаттарды көлік құралы ретінде тану мақұлданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, электрсамокаттар көлік құралы ретінде тану мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, электрсамокаттар көлік құралы ретінде тану мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электрсамокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды.

"Электрсамокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу - көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін. Электрсамокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электрсамокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек", - делінген заң жобасында.

Реклама
Реклама

Заң жобасы екі оқылымда мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберу ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная