ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2023 | 13:24
Мәжілісте қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қанша қару ұрланғаны айтылды
Алматыдағы "Қорған орталығы" қару-жарақ дүкенінің директоры Артур Осипов қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы "Қорған орталығы" қару-жарақ дүкенінің директоры Артур Осипов қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару ұрланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 қаңтардың Мәжілісте қаңтар оқиғасы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы талқыланды. Жиын барысында "Қорған орталығы" қару-жарақ дүкенінің директоры Артур Осипов сөз сөйледі. Ол тәртіпсіздіктер кезінде оның дүкені толығымен талан-таражға түскенін, 37 мың қару ұрланғанын айтты.
"Қаңтарда болған оқиға бізді қатты есеңгіретті. Біз не істерімізді, мүлкімізді қалай сақтау керектігін түсінбедік. Тонаушылар бізден ұрланған қаруларды не істемек деп қатты қорықтық. Олар қарапайым азаматтар ма, әлде арнайы дайындықтан өткен адамдар ма түсіне алмадық. Негізі шабуыл жасағандар әскери каска киіп, есік-терезелерді сындыруға арнайы техника қолданған", - деді қару-жарақ дүкенінің директоры.
Ол қаңтар оқиғасынан келген шығын мемлекет есебінен өтелгенін айтты.
"Бүгінгі күні кәсібімізді қалпына келтірдік, дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Қаңтар оқиғасынан кейін бізді қолдағандарға алғыс айтқым келеді. Қарақшылар мен тонаушыларға аяушылық болмау керек, енді мемлекеттен шешуші әрекет күтеміз", - деп түйіндеді сөзін Артур Осипов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также