Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясы аппаратының басшысы ауысты

Мұхтар Ерман. ©liter.kz

Мұхтар Ерман ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппараты басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарланған аталмыш партияның ресми сайтында. Осы тағайындауға дейін ол "Еуразия+ОРТ" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

М.Ерман үлкен партиялық жұмыс тәжірибесіне ие. Атап айтқанда, "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында бес жылға жуық жұмыс жасады: партияның Орталық аппараты басшысының орынбасары, партия Төрағасының бірінші орынбасарының хатшысы және кеңесшісі болды. Ол өз еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Әр жылдары "Алматыжарнама" мемлекеттік кәсіпорынында директор, "Асар" республикалық партиясы" РҚБ Орталық аппараты хатшысының орынбасары, хатшысы қызметтерін атқарды. Мұхтар Ерман әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі.

Ал, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппараты басшысы қызметін атқарып келген Ақылбек Ихданов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама