21 маусым 2021 | 16:18

Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов өмірден өтті

Дина Шарипханова Корреспондент
Тарас Хитуов. Фото: inaktau.kz

Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Тарас Хитуов 1964 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Ақтаудағы пластмасс зауытының аппаратуралық жабдығын жөндеу жөніндегі слесарь болып бастаған.

Реклама
Реклама

Екі рет Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, өзі туған Түпқараған ауданының әкімі болды, Маңғыстау облысында дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ әлеуметтік саясат және қызметкерлер жөніндегі басқарушы директоры, "Өзенмұнайгаз" АҚ жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, "Қаражанбасмұнай" АҚ кадр және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті, "Қаражанбасмұнай" АҚ Аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы ақпаннан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ омбудсмені болды.

Тарас Хитуов Парламент Мәжілісінің VI шақырылымында депутат, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі болған.

Тарас Хитуов - бокстан КСРО спорт шебері, атақты маңғыстаулық жаттықтырушы Александр Драчтың шәкірті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная