04 мамыр 2022 10:13

Мәжілістің жаңа депутаты Зәкіржан Күзиев ант берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/kuziyev_zakirzhan

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Зәкіржан Күзиев ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Зәкіржан Күзиев ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутатты таныстырды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Күзиев.

Реклама
Реклама

Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Эономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне дауыс беру арқылы сайланды.

Сондай-ақ, депутаттар Мәжіліс депутаты Айдос Сарымды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыруды бірауыздан қолдады.

Еске салайық, Зәкіржан Күзиев 2022 жылы 28 сәуірде ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram