ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2022 | 13:23
Мәжілістің тағы бір депутатының өкілеті тоқтатылды
12 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Мәжілістің тағы бір депутатының өкілеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Мәжілістің тағы бір депутатының өкілеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақмола облысындағы іс-сапар барысында қатысты.
Отырыста Ортсайлауком мүшелері "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы" қаулы қабылдады.
"Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті", - делінген хабарламада.
Депутат Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің екі депутаты Файзолла Каменов пен Сергей Решетников өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также