11 ақпан 2022 17:40

Мақсат Кикимов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Мақсат Кикимов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Кикимов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

Кикимовтің айтуынша, 14 ақпаннан бастап ол қала әкімінің орынбасары қызметінен кетеді. Бүгін оның соңғы жұмыс күні. Шенеунік әріптестері мен қалалықтарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымындағы соңғы күнім. 10 жыл бойы оңтүстік астана әкімдігінде үздіксіз жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін көп нәрсе жасадық. Қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасағандарыңызға рақмет! 

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевқа, барлық әріптесіме, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, Қоғамдық кеңеске, қоғамдық ұйымдарға, коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге алғыс білдіремін. Біз барлық өзекті мәселенің түбіне жетуге және оларды ортақ күш-жігермен шешуге тырыстық", - деді Кикимов.

Ол мемлекеттік қызметтен кететінін, алайда болашақта немен айналысатынын әлі шешпегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram