14 желтоқсан 2018 | 16:08

Мақсат Үсеновтің көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталды

© Tengrinews.kz

Мақсат Үсеновтің көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталды. Алайда ол жаңадан көлік жүргізу құжатын алуға сынақ тапсырмаған. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz сауалнамасына берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мақсат Үсеновтің көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталды. Алайда ол жаңадан көлік жүргізу құжатын алуға сынақ тапсырмаған. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz сауалнамасына берген жауабында айтылады.

Үсенов 2018 жылдың желтоқсанына дейін үш жыл тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. 

Реклама
Реклама

"Жүргізу құқығынан айыру мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ Мақсат Үсеновтің бұрынғы көлік жүргізу құқығы  құжатының мерзімі аяқталуына байланысты айырбастау үшін ол ішкі істер органына өтініш берген жоқ", - деді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің өкілдері. 

Мақсат Үсенов 2013 жылы BMW X6 автокөлігімен алты адамды қағып кеткен болатын. Олардың біреуі қаза тапты. Сот оны 45 тәйлікке қамау туралы үкім шығарды. Осы жағдайдан кейін заңнамада екі жақты келісім нормасы алып тасталды. 

2014 жылы ол тағы да бір жол-көлік оқиғасының кейіпкері болды. Mercedes автокөлігімен Мақсат Үсенов жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota RAV4 автокөлігімен соқтығысты. Жапониялық автокөлік тізгінінде 38 жастағы әйел болған. Ол басынан жарақат алды. Осы әрекеті үшін сот Мақсат Үсеновты максималды жаза қолданып, 20 тәулікке қамауға алу үкімін шығарды. 

2017 жылы ол "Эйр Астана" ұшағында темекі шекті. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 564-бабы 5-бөлігі ("Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу,  Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол тағы да 15 тәулікке қамалды. 

2017 жылы Мақсат Үсеновтен есірткі салынған сіріңке қорабы тәркіленді. Оған 200 АЕК (453 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная