09 қаңтар 2023 | 12:03

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Парламент палатасының баспасөз қызметі растады.

Максим Споткай 1991 жылы дүниеге келген. Ол Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы - инженер-менеджер.

Реклама
Реклама

Ол Nur Otan ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, "Джей Энд Эс" халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, ZamandaS Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, "Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, "Павлодар облысының кәсіпорталығы" КАБ төрағасының м.а., "Павлодар кәсіпқызмет" ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, "Нұр-Медиа" ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, Nur Otan партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная