ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2024 | 16:20
Мал не ақша: су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға шығын қалай өтелді?
Су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мал шығыны көбірек болған.
"Өтемақы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттан алынып жатыр (...). Барлығы алды (өтемақыны - еск.) - кейбіреулері бюджеттен, кейбіреулері бюджеттен тыс қаржыдан, қорлардан", - деді Бердалин ОКҚ брифингінде.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3753 бас, Қостанай облысында - 3520 бас, Батыс Қазақстан облысында - 2457 бас, Атырау облысында - 1562 бас, Ақмола облысында – 510 бас, Ұлытау облысында – 453 бас, Қарағанды облысында – 89 бас, Абай облысында – 79 бас, Солтүстік Қазақстан облысында – 27 бас ауыл жаруашылығы жануары өлген. Барлығы - 12 450 мал.
Министрлік барлық өңірде шығын 100 пайыз өтелгенін айтты.
Жеті облыста зардап шеккендерге ақшалай түрде – 10,5 мың бас мал үшін ақша төленген, тағы үш облыста тұрғындарға мал - 1885 бас ауыл шаруашылығы жануары сатып алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также