15 қараша 2019 | 14:38

Мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Камила Долаева Журналист
Көрнекі сурет. © pixabay.com

Қазақстанда мал ұрлаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мал ұрлаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Түркістан және Ақтөбе облыстарында екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, іс сотқа беріледі. Шығын есептеледі, қылмыстық топ құйтырқы әрекеттерін осы жылы бастаған. Деректер жедел алынып, оларды ұстау және тергеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды", - деді Сағат Мәдиев ІІМ-де өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Ведомстводағылар Қазақстанда мал ұрлаумен айналысатын тұрақты қылмыстық топтар жоқ екенін айтты. 

"Тұрақты дегеніміз, бірнеше жыл бойы мал ұрлығымен айналысатын, оны өндіріс пен кәсіпке айналдырған топтар. Бүгінде ондайлар жоқ. Екі қылмыстық топ екі ай бұрын қолға түскен", - деп хабарлады Сағат Мәдиев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная