Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниясы "ЭКСПО-2017" көрмесінде өз әзірлемелерін таныстырады

Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниясы "ЭКСПО-2017" көрмесінде өз әзірлемелерін таныстырады

?Р-ны? Малайзияда?ы елшісі Данияр Сарекенов Малайзияны? Энергетика, жасыл технологиялар ж?не су ресурстары министріні? бас хатшысы, ЭКСПО-2017 к?рмесіндегі ?лтты? секция комиссары Сери Уджангпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р СІМ сайтына сілтеме жасап.

ҚР-ның Малайзиядағы елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрінің бас хатшысы, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық секция комиссары Сери Уджангпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2016 жылдың 5-8 қазанында Кула-Лумпурде өткен "IGEM" көрмесіне қатысуы ЭКСПО-ны Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде ілгерілетуге, баламалы энергия саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту саласында жақсы негіз болғанын атады.

С. Уджанг айтып өткендей, Малайзияның бизнес ортасы өз мүмкіндігін ЭКСПО көрмесінде таныстыруға мүдделі.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда СІМ Малайзияның 50 жетекші компаниясымен көрмеде өзінің технологияларын таныстыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар  Малайзияның  Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары  министрлігі мен Қазақстанның Энергетика министрлігі арасында  баламалы энергия көздері бойынша меморанду түзуге келісті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама