Мальдив аралдарына барып келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады

Фото: maldives.ru

Мальдив аралдарына барып келген қазақстандықтар 14 күн карантинде болады. Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мальдив аралдарына барып келген қазақстандықтар 14 күн карантинде болады. Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанда кейінгі 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күнге үйде оқшауланады (үй карантині). Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі.

Сондай-ақ, кейінгі 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

Реклама
Реклама

Қаулы 2021 жылғы 17 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама