ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2022 | 09:14
"Малымызды аман алып қалайық". Маңғыстаулық фермерлер жем бағасын төмендетуді талап етті
Маңғыстаулық шаруалар жем бағасын 50 теңгеге түсіруді талап етіп жатыр. Қойшылар қауымдастығының сарапшысы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Ол елде жем-шөп бағасының қымбат екенін айтып, Мемлекет басышысынан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, Маңғыстау өңірінде малдың 70 пайызы қырылып қалған. Елдің Оңтүстігінде жемнің құны 100 теңгеден асты. Сондықтан шаруалар жем-шөпті несиеге алуға мәжбүр боп отырғанын айтады. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанда кебектің бағасы 50 теңгеден аспайтынын мысалға келтіреді.
"Елдегі фермерлер несиеге кіріп, тапқан қаражатына жем алып жатыр. Малдың барлығы қолға қарады. Бүгінгі күнде Маңғыстаудың жерінде 70 пайыз малдың шығыны болды. Өлетіні өлді, сонымен 30 пайыз ғана мал қалды. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, үкіметке тапсырма беріп, қазақ шаруаларының осы мәселесін шешіп берсеңіз. Қай жақтан алып келсе де, бізге 50 теңгеден жасап беріңіздер. Қалған малымызды аман алып қалайық", - дейді Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также