06 шілде 2020 12:24

Маман қабынуға қарсы беріліп жүрген "Дексаметазонның" қолжетімдігі жайлы айтты

"Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина брифингте Клиникалық хаттама бойынша Дексаметазонды пайдалану ретін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина брифингте Клиникалық хаттама бойынша Дексаметазонды пайдалану ретін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дексаметазон препараты - көрсеткіштер бойынша қабынуға қарсы әсер ететін, тек өте ауыр жағдайдағы пациенттерге тағайындалған. Ол да клиникалық хаттаманың бөлімдерінде көрсетілген", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Баян Тұрдалинаның айтуынша, әлеуметтік желіде дұрыс ақпараттың таралмауына байланысты көп қиындықтар туындап жатыр.

"Препараттардың қолжетімділігі бойынша айтсам, халық арасында аталған препараттарды қосымша қор ретінде сатып алу жағдайлары көп болғанына және әлеуметтік желіде дұрыс ақпараттың таралмауына байланысты көп қиындықтар туындады. Сондықтан да ресми деректерге ғана сенуді сұраймыз. Жергілікті дәрігерлерге клиникалық хаттамалар ресми сайттарда жарияланған. Сол арқылы қаншама науқастар сауығып шықты", - деді маман.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram