06 мамыр 2020 | 17:43

Маман коронавирус тестінің бағасындағы айырмашылықты түсіндірді

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус тестінің бағасындағы айырмашылықты түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус тестінің бағасындағы айырмашылықты түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ПЦР-тестілеудің бағысына тоқталайын. Ол тест жүйесінен тұрады. Оған реагенттер, тасымалдау құралдары, РНҚ-ның бөлінуі, құрал-жабдықтар, жалға алу орны, қызметкерлер, зертханашы, олардың киім-кешектерінің ақысы кіреді. Мұның бағасы коронавирусқа тестінің өзіндік құнына кіреді", - деді ол орталық коммунакациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Осы орайда Арнұр Нұртаев СОVID-19 вирусына тест тапсырудың бағасына тоқталды.

"Егер мемлекет тестілеудің төменгі бағасын 11 мың теңге деп белгілесе, ал жеке зертханалар белгілі бір талаптармен шектелмейді. Олар кез келген бағаны қоюы мүмкін. Менің білуімше, жеке зертханалар бағаны төмендетіп жатыр. Себебі, тест тапсырғысы келетін адамдардың саны өсіп жатыр", - дейді бас директор.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4298-ге жетті. 1299 науқас жазылды, 30 адам көз жұмды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная