25 мамыр 2021 | 17:46

Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын уақытша тоқтатты

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ақауға байланысты жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі растады.

"ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Кешірім өтінеміз. Мамандар жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп техникалық ақауларды жойып жатыр. Қашан жұмысқа оралатынымызды кейінірек қосымша хабарлаймыз", - деді мемлекеттік корпорация өкілдері.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен 12.00-ден бастап жүйеге кіру қиындаған. 

Реклама
Реклама

"Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік - автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру - солардың сервистері", - деді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная