ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2021 | 10:11
Мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер уақытша тоқтады
Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер сағат 12.00-ге дейін жұмыс істемейді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысындағы ақау 25 мамырда басталғаны хабарланған болатын. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәліметі бойынша, ІІМ ӘПК жүйесінегі ақау сағат 12.00-де басталған.
"Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік - автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру - солардың сервистері", - деді олар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также