21 ақпан 2014 18:53

Мамандар 14 облыста қатты аяз болатынын ескертеді

©Tengrinews.kz

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары алдағы күндері еліміздің 14 облысында қатты аяз болатыны туралы төтенше ескерту жариялады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, 22-24 ақпан күндері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде 28-33, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейді. 23-24 ақпанда Ақтөбе облысында сынап бағанасы түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аязды көрсетеді. 22 ақпан күні Ақмола облысында 20-25 градус, кей жерлерде 30 градус аяз болады, 23-24 ақпан күндері облыста түнгі ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейді. 23 ақпан күні Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде 20 градус аяз, Батыс Қазақстан облысында 22-27, кей жерлерде 30 градус аяз, Атырау облысының кей жерлерінде 25 градус аяз болады. Синоптиктер 23-24 ақпан күндері Павлодар облысында түнде кей жерлерде 38 градус аяз болатынын ескертеді. Ақпанның 23-25-і күндері Қарағанды облысында түнгі температура 20-25 градусқа, кей жерлерде 30-35 және 38 градусқа дейін төмендейді. 24-25-і күндері Шығыс Қазақстан облысында да 30-35 градус және кей жерлерде 38 градус аяз болады. Қызылорда облысында 23-24-і күндері кей жерлерде 30 градустық, Оңтүстік Қазақстан облысында 22 градустық аяз болатыны ескертілді. Алматы, Жамбыл облыстарында да аяз болады, 24-26 ақпан күндері түнде ауа температурасы 15-20 градусқа, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендейді. "Қазгидромет" метеорологтері 22 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында да төтенше ескерту жарияланғанын хабарлайды. Жауын-шашынның салдарынан бұл аймақтардағы кейбір өзендерде су тасуы мүмкін.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram