25 мамыр 2020 | 16:01

Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

Фото: delo.ua

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары чекті тастауға немесе басқа адамға неге беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары чекті тастауға немесе басқа адамға неге беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент қызметкерлері бейтаныс адамдар сатып алушылардан "қажетсіз чектерді" сұрауы мүмкін екенін жеткізді. Олар дүкендегі акцияға қатысу үшін чек керегін айтады. Мамандар мұның бәрі ақылға қонымды болып көрінгенімен тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Себебі алаяқтар чекті өз мақсаты үшін пайдалануы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Мысалы, олар чекті алып қайтадан дүкенге келуі ықтимал. Олар қандай да бір заттың белгісін немесе магниттік қыстырғышын жұлып алып, дүкеннен шығуы мүмкін. Ал күзетші чекті сұраса, сіз берген чекті көрсетеді. Екінші әдіс бар. Яғни ол дүкеннен затты алып шығады. Кейін тауарды чек арқылы қайтарып, ақша алуды көздейді. Себебі, тұтынушының белгілі бір мерзім аралығында тауарды қайтаруға құқы бар", - делінген хабарламада.

"Заңсыз әрекеттер сіздің жеке деректеріңізді пайдалана отырып жасалуы мүмкін. Яғни сіздің пластикалық картаңыздың көмегімен банк операциясын жүзеге асырған кезде. Алаяқтар чектегі мәліметтер арқылы сіз туралы қосымша мәлімет алуы ықтимал. Осы арқылы хакерлер сіздің банк есепшотыңызға шабуыл жасауы мүмкін. Чек - сіздің ресми төлем құжатыңыз екенін естен шығармаңыз. Ол басқа адамның қолына түспеуі керек. Мұны есте сақтаңыз. Оны дүкеннің жанындағы қоқысқа тастауға болмайды", - дейді департамент мамандары.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная