ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2019 | 12:41
Мамандар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатып алмауға кеңес береді
Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 препарат рецепт бойынша, 1 759 рецептсіз босатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 препарат рецепт бойынша, 1 759 рецептсіз босатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда дәріханаларда дәрі-дәрмек босату мәселесіне арналған брифингте дәрігерлер дәріні, оның ішінде бактерияға қарсы препараттарды қабылдай беру жүрек және жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкіндігі туралы ескертеді. Әсіресе қорқыныштысы - дәрілік затқа төзімділік, яғни микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға қарсы иммунитеті.
"Бүгінде пенициллин, стрептомицин, канамицин сияқты антибиотиктер іс жүзінде қолданылмайды, себебі микроорганизм осы препараттарға үйреніп алған. Бұл жағдай пациенттер тарапынан антибиотиктерді бей-берекет қабылдауға байланысты жүріп жатыр. Оларды түрлі жағдайда, тұмауға қарсы - вирустық инфекция кезінде де қабылдайды. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді, ол бактерияға әсер етеді. Ол вирустық инфекция немесе басқа ма тек дәрігер ғана анықтай алады. Мен барлық адамды денсаулықтары нашарласа тек дәрігердің қабылдауына баруға кеңес беремін", - деді №9 қалалық емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлова қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмек босату мәселесіне арналған брифингте.
Нұр-Сұлтандағы Денсаулық сақтау министрлігінің дәріхана комитетінің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Ералы Нұрғазиннің айтуынша, фармацевтке рецептсіз дәрі-дәрмек босатқаны үшін 70-ден 100 АЕК, ал дәріханаларға - 130-дан 1000-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Показать комментарии
Читайте также