28 желтоқсан 2021 | 09:55

Мамин 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта 9 миллион қазақстандықты ревакциналауды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

Премьер-министр Асқар Мамин 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион қазақстандықты ревакциналауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион қазақстандықты ревакциналауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаппай ревакциналау жұмыстарын күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында 9 миллион адамды ревакциналау қажет. Ақпарат, денсаулық сақтау министрліктерінен, облыс әкімдіктерінен халық арасында ревакцинация қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді сұраймын", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Реклама
Реклама

"Жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімдерінде науқастарды қабылдау 17 пайыз, ауруханаға жатқызу және ауыр жағдайлар айтарлықтай төмендеді. Облыстардың көпшілігі "жасыл" аймақта, "сары" аймақта екі өңір бар - Нұр-Сұлтан және Солтүстік Қазақстан облысы", - деп қосты ол.

Бұған дейін Қазақстанда "көк" статусы барларға жаңа шектеулер енгізу ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная