19 желтоқсан 2021 | 09:42

Мамин Башқұртстан басшысымен келіссөз жүргізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Уфа қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Уфа қаласында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігін одан ары тереңдету тұрғысынан өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Үкімет басшысы Қазақстанның Башқұртстанмен сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика, АӨК, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салалардағы ынтымақтастығын арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы сауда көлемі 30 пайызға артып, 19,5 миллиард долларға жетті. Бұл ретте сауда құрылымын әртараптандыруда ілгерілеушілік байқалады - Қазақстанның экспорт көлемі 39,4 пайызға, оның ішінде өңделген өнім көлемі 47,7 пайызға өсті.

Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1 пайызға өсіп,305 миллион доллар құрады. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 10,3 пайызға жоғары. Алдағы жылдары тараптар тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізуге ниетті", - делінген хабарламада.

А.Мамин мен Р.Хабиров Уфа қаласында өтіп жатқан "Халықаралық бизнес апталығы-2021" аясында "Қазақстан - Башқұртстан" іскерлік форумына қатысты. Форумда 100-ге жуық адам - мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары, сондай-ақ екі республиканың іскер топтарының өкілдері бас қосты.

"Башқұртстан Республикасы Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінде ерекше орын алады. Биылғы қыркүйек айының соңында Радий Хабировтың ҚР-ға сапарының қорытындысы бойынша бекітілген Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттырудың сенімді тетігіне, сондай-ақ бизнес-топтар үшін бірқатар перспективалы салаларда қалыптасатын мүмкіндіктердің тереңдігі мен ұзақ мерзімділігінің белгісіне айналуда", - деді А.Мамин форумда сөйлеген сөзінде.

Форум аясында химия және тоқыма өнеркәсібі, машина жасау, АӨК, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы консалтингтік қызметтер салаларында 8 инвестициялық және коммерциялық келісімшартқа қол қойылды.

Аса маңызды құжаттардың бірі "Каустик" АҚ мен "Башқұрт сода компаниясы" АҚ арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы қол қойылған келісім болды. БК шеңберінде Қазақстан мен Ресей аумағында жалпы көлемі 1 миллиард долларға дейінгі жобалар іске асырылатын болады. Каустикалық сода, натрий гипохлориті, хлор, тұз қышқылы, титан қостотығы және басқа да химиялық өнімдер өндірісі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ТМД-дағы жалғыз цирконий оксихлоридінің өндірісі жолға қойылады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная