ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 10:37
Мамин батыс өңірлерде вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин батыс өңірлерде вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин батыс өңірлерде вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндады.
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай өзгеріп жатыр. COVID-19-бен сырқаттанушылық өсіп барады. Алматы қаласында және басқа өңірлерде коронавирустың дельта штамының өсуі байқалады. Вирустың репродуктивтік индексі 1,2-ге дейін өсті, инфекциялық төсек орындар 27 пайыз, реанимациялық төсектер 24 пайыз толы.
Коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кірді. "Сары аймақта" – 5 өңір: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған 7 өңір "жасыл аймақта".
Бүгінгі таңда 3,3 миллионға жуық адам бірінші компонентті, 2 миллионға жуық адам екінші компонентті алды.
Премьер-министр "қызыл аймақтағы" барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, резервтік инфекциялық төсек орындардың дайындығы, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жеткіліктілігі қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.
"Әкімдер, әсіресе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуі қажет. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында міндетті вакциналауды енгізу қажет екені анық байқалып отыр", - деді Мамин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также