ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2019 | 10:46
Мамин: "Бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын"
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Бердібек Сапарбаев баяндады.
Үкімет басшысы Асқар Мамин Президенттің Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.
"Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшы дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек", - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также