30 қыркүйек 2020 | 10:45

Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне қажет техника мен жабдықтарды сатып алуды тапсырды

© Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр және т. б. баяндады. 

Реклама
Реклама

Үкімет басшысы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін атап өтті. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 0,93 құрайды, бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар әлемдегі және бірқатар шекаралас елдердегі індеттің тұрақсыздығын ескере отырып, санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейту қажет.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне іс-шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етуді, Денсаулық сақтау министрлігіне биылғы 15 қазанға дейін қажетті техниканы, жабдықтар мен қорғаныш құралдарын сатып алып, өңірлерге жеткізуді тапсырды. 

Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейту, санитарлық режимнің кез келген бұзушылықтарына жол бермеу тапсырылды.

Қазақстан аумағына шетелден келетін адамдарға қатысты санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту шаралары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.

"Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармация" және әкімдіктермен бірлесіп, медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуын қамтамасыз етсін. Өңірлерде дәрілік препараттардың бағасына бақылау жүргізу қажет", - деді Мамин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная