ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2021 | 09:56
Мамин халықты вакциналау қарқынын үдетуді тапсырды
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.
Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 жұқтырып, ауыру жағдайының тұрақтануы байқалады. Вирустың репродуктивті индексі - 0,95. Инфекциялық төсек орындар 33 пайызға, реанимациялық төсек орындар 26 пайызға толы. 6 өңір "қызыл" аймақта тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 миллион екпе жасалды, оның ішінде 2 миллион адам бірінші компонентті, 1 миллион адам екінші компонентті алғаны белгілі болды.
Елде вакциналардың жеткілікті көлемі бар, олардың қоры толықтырылып отыратыны айтылады. Егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Үкімет басшысы халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.
"Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту - пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет", - деді Мамин.
Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Ashyq қосымшасын "Вакцинация" модулімен және Egov-тағы вакцинация паспортымен интеграциялау бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также