ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2021 | 20:48
Мамин жобалық офис отырысын өткізді
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жобалық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестиция тарту бойынша жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жобалық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестиция тарту бойынша жұмыстың қорытынды көрсеткіштері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.
Жеңілдікті несие беру бағдарламаларының мониторингі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, мемлекеттік сатып алудағы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту, өңірлердің экономикалық картасын өзектендіру барысы мен микроқаржы ұйымдарын дамыту мәселелері туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.
"Қазіргі уақытта Жобалық офис "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы-2025", "Кең дала" жеңілдікті несие беру бағдарламаларының және "ҚазАгро" холдингінің басқа да қаржы құралдарының субъектілік мониторингін жүргізіп жатыр. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша бүгінде қаржыландырудың жалпы көлемінің 72 пайызы іске асырылды - екінші деңгейдегі банктер 724,1 млрд теңге сомасына 2903 жобаны мақұлдады, 579,3 млрд теңге сомасына 2317 жоба субсидияланды", - делінген хабарламада.
Мақұлданған жобаларды іске асырудың болжамды тиімділігі шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуды көздейді. Биылғы 13 сәуірде "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қолдауға жататын қызметтің басым түрлері мен тауарларды кеңейтуді, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосуды, қаржы институттары-бағдарлама операторларының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері туралы талапты 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетуді көздейтін түзетулердің 7-топтамасы күшіне енді.
"ҚазАгро" холдингінің қаржы құралдары арқылы 2021 жылдың І тоқсанында 3757 жоба бойынша 106,8 млрд теңгеге несие берілген.
"Субсидиялау, кепілдендіру және жеңілдікпен несиелендіру құралдарының бизнеске қолжетімді болуы – аса маңызды мәселе. Біз кәсіпкерлердің "Қарапайым заттар экономикасына" деген қызығушылығын көріп отырмыз. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша облигациялар есебінен айналым қаражатын 100% толтыру мүмкіндігімен, кемінде 500 млрд теңге қорландыруды ескере отырып, аталған бағдарламаны 2022 жылдың соңына дейін ұзарту мәселесін қарастыру қажет", - деді Мамин.
Үкімет басшысы реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды, өңірлердің экономикалық картасын уақытылы әрі сапалы толтыруды, өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында отандық кәсіпорындарды паспорттауды аяқтауды, микроқаржы ұйымдарын құруды жеделдетуді және бизнес өтінімдерін қабылдау жұмысын бастауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, "Қолдау" жүйесі арқылы АӨК-ті субсидиялау тетіктерін жетілдіру мәселелерін пысықтау тапсырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также