ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2019 | 16:54
Мамин жылыту маусымына дайындықты уақытылы аяқтауға бақылау орнатуды тапсырды
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары М. Досмұхамбетов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О. Әбішев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр баяндады.
Өңірлерде 10 606 дербес қазандық немесе 99,8 пайыз, 45 908 тұрғын үй (98,1 пайыз) дайындалды. 4 943,4 км жылу желілері (99,1 пайыз), 14 917,1 км (98,7 пайыз) сумен жабдықтау желілері жөнделді.
Көмір өндіруші компаниялар 75,1 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 пайыз-ды құрайды (77,2 млн тонна).
Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 миллиард теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қ. - 2,6 миллиард теңге, Нұр-Сұлтан қ. - 1,7 миллиард теңге, Шымкент қаласы - 1,3 миллиард теңге және Маңғыстау облысында - 1,5 миллиард теңге сақталып отыр.
2527 балабақша (95 пайыз), 6656 мектеп (99 пайыз) жылыту кезеңіне дайындық туралы актілерді алды. Республикалық маңызы бар 31 денсаулық сақтау нысаны бойынша жылыту маусымына орташа дайындық 99 пайыз, жергілікті маңызы бар 5640 нысан бойынша 97 пайыз құрайды.
"Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, кестеден қалып қою, коммуналдық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін отын дайындау деңгейінің төмен болуы фактілері орын алып отыр. Осыған байланысты әкімдерге жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етіп, қажетті көлемдегі отынды алдын ала жеткізуді тапсырамын", - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне екі апта ішінде белгіленген тәртіпте көмірді даярлау және өткізу пункттерінің инфрақұрылымының қазіргі жағдайын, жеткізілім кестесін, сатылатын көмірдің бағасын және сапасын тексеруді, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне "Қазақстан Темір жолы" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, көмір жеткізуге арналған вагондардың қажетті көлемін қамтамасыз етуді тапсырды.
"Өңірлерде кәсіпорындардың жеткізілген газ бен көмір үшін және тұрғындардың коммуналдық қызметтері үшін дебиторлық берешегін жабу жұмысын күшейту қажет", - деді премьер-министр.
Мамин ҚР Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне өңірлер әкімдіктерінің алдағы жылыту маусымына барлық объектілерді дайындау жұмысын аяқтауын бақылауда ұстауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также