ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2021 | 10:56
Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды.
Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары - ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болып қала береді деп сенемін.
Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын! Барлық қазақстандықтарға, әр отбасына зор денсаулық және амандық тілеймін!", - деді премьер-министр.
1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні. Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Бұл атаулы күн 2016 жылы бекітілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также