15 қараша 2021 | 14:14

Мамин Қазақстандағы эпиджағдайға баға берді

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ өкілдерімен кездесуде премьер-министр елдегі коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып келе жатқанын айтты.

"Бүгінде "қызыл" аймақта екі өңір - Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Вакцинацияға келер болсақ, 8,5 миллион адам бірінші компонентті алды. Екінші компонентті - 7 миллион 800 мың адам. Ересектер туралы айтатын болсақ, бірінші компонентті 75 пайызы, екінші компонентті 69 пайызы салдырды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, біз қазір вакцина ала алатындардың санатын кеңейттік - бала емізетін және жүкті әйелдер, сондай-ақ 12-ден 18 жасқа дейінгі оқушылар қосылды", - деді Асқар Мамин.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жүктеме деңгейі денсаулық сақтау жүйесі жұмысын орындап жатыр деп айтуға мүмкіндік береді.

"Алда болуы мүмкін жаңа толқындарға жиған-тергеніміз бар. Біз төртінші толқыннан аман өттік. Еуропаның кейбір елінде және біздің көршілес елдерде қандай жағдай қалыптасқанын білесіздер. Осыған орай, біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты сақтай алып отырмыз деп санаймын. Аталған екі өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) біз бақылап отырған динамикаға сәйкес, жақын арада "қызыл" аймақтан шығуы тиіс", - деді үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная