06 шілде 2021 | 18:20

Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

Асқар Мамин. © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

"Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!  Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!", - делінген Маминнің құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін, 6 шілдеде Қазақстан астанасына 23 жыл толды.

Реклама
Реклама

Мереке Қазақстан астанасы мәртебесін алған сәттен бастап, 1998 жылдан бері атап өтіледі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өргертілді, ал 2019 жылы 20 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдағаннан кейін өзінің ұлықтау рәсімінде Астананы Нұр-Сұлтан деп қайта атауды ұсынды.

Сонымен қатар, бұл күн биыл 81 жасқа толған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная