ПОДЕЛИТЬСЯ
30 тамыз 2020 | 13:16
Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға - Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды.
Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также