ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2021 | 11:54
Мамин кейінгі жарты жылдағы қазақстандықтардың орташа жалақысын атады
Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік қызметшілердің, педагогтердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік қызметшілердің, педагогтердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биыл бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыру жалғасады. 600 мың педагог үшін еңбекақы 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкеріне біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін арттыру қамтамасыз етіліп жатыр. Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 50 пайызға ұлғайды", - деді Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отырған Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, педагогтердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 267 мың теңгеге дейін өсті.
"82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі. 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне 1,9 есеге көбейеді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға өсті", - деді Мамин.
Ол ел бойынша 6 айдағы орташа айлық жалақы 233 мың теңге екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также