22 ақпан 2020 | 17:24

Мамин: Күш-жігерімізді шетелдік инвестиция тартуға шоғырландырамыз

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері туралы пікірталас сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік банк пен ҚР Үкіметінің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері туралы пікірталас сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

"1992 жылдан бері Дүниежүзілік банкпен бірлесіп біз қаржы, инфрақұрылым, энергетика, шағын және орта бизнес салаларында жалпы сомасы 8 миллиард долларға жуық болатын 47 жобаны, сондай-ақ 40 миллион долларға 250-ден аса техникалық көмек жобасын сәтті іске асырдық, бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ ҚР жекеменшік және мемлекеттік секторларында жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етті", - деді Мамин.

Реклама
Реклама

Үкімет басшысы 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ЖІӨ 4,5 пайызға өскенін атап өтті, тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 25 миллиард доллардан асты, ал шетелдермен сауда айналымы 96 миллиард долларға жетті. Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстан 28-ші орыннан 25-ші орынға көтерілді. 

"Біздің басымдығымыз  - осы трендті сақтау және күшейту. Осы мақсатта біз күш-жігерімізді шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тартуға шоғырландырамыз. Біздің стратегиялық міндетіміз - негізгі капиталға инвестициялар көлемін кемінде ЖІӨ-ге шаққанда 30 пайызға дейін жеткізу, бұл энергетика, көлік, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салаларда қосылған құнды қалыптастыруды арттыруға мүмкіндік береді", - деді Мамин.

Кездесуге қатысушылар тікелей шетелдік инвестициялар ағымына ықпал ететін модельдер мен факторларды, Қазақстанның инвестициялық саясатын күшейту бойынша міндеттерді, құқықтық реттеу мәселелерін, сондай-ақ жекешелендіру мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуетін қарастырды.  

Пікірталас сессиясына Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен даму институттарның басшылары, сондай-ақ инвестициялар тарту саласындағы жетекші сарапшылар - Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Л. Бурунчук, "Czechinvest" стратегиялық жобаларды басқару директоры В. Зайцова, шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Ирландия агенттігінің (IDA) басқарушы құрамының бұрынғы мүшесі Д. Беннет, Дүниежүзілік банк сарапшылары ВБ Х. Йедличка, П. Корреа және басқалары қатысты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная