10 мамыр 2020 | 13:28

Мамин Мақтааралда Өзбекстанның премьер-министрімен кездесті

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшылары Мақтаарал ауданының су басқан аумақтарын аралап көрді, сондай-ақ Жаңажол ауылдық округінің Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Реклама
Реклама

Апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 1300-ден аса адам мен 220 бірлік техника, оның ішінде Өзбекстаннан 200-ден аса маман мен 100-ге жуық өрт сөндіру машинасы, экскаваторлар, тракторлар, су сорғыштар және басқа да техникалық құралдар жұмылдырылды.

Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы Мырзакент ауылында Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері жаңа шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысып, алғашқы тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты және тұрғындармен кездесу өткізді.

Барлығы Мырзакент кентінде су тасқынының салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасы үшін жеке тұрғын үйлер, мектептер, балабақша мен фельдшерлік пункттер салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын ҚР және ӨР мамандары бірлесіп жүргізетін болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная