02 наурыз 2021 | 22:38

Мамин мен Жапаров келіссөз жүргізді

Садыр Жапаров пен Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапары Қазақстан - Қырғызстан стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Бүгін жоғары деңгейде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан Үкіметі барлық мәселелерді шешу, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын жаңа бастамаларды әзірлеп, іске асыру бойынша қырғыз әріптестерімен сындарлы бірлескен жұмыс жүргізуге ниетті", - деді Асқар Мамин.

Реклама
Реклама

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік және шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес аясындағы бірлескен шараларды талқылады. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, білім беру мен туризмде өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бары атап өтілді.

Сондай-ақ ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Қазақстан Қырғызстан экономикасының ірі инвесторларының қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға тікелей инвестициялардың жинақталған көлемі шамамен 1 миллиард доллар болды, ҚР-да шамамен 1,5 мың қырғыз компаниясы жұмыс істейді. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы 796,2 миллион долларға жетті, тараптар бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізуге және сатылатын тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейтуге ниетті.

Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында жақында үкіметаралық кеңестің кезекті отырысын өткізу жоспарланып отырғаны айтылады.

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

Еске салайық, бүгін, 2 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын құрамда келіссөздер өткізген еді. Кездесуде қырғыз президенті қазақ ақынының поэмасынан үзінді оқыған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная