Мамин мен Мишустин Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын өндіру мәселесін талқылады

Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminster.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminster.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.

"Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған "Спутник V" вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Еске салайық, Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады

Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпанда басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама