15 маусым 2020 | 19:16

Мамин мінген тікұшақтан ақау шықты. Оқиғаның жай-жапсары

Фото: primeminister.kz

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі су жүйесі істен шығып, Тараз қаласынан 180 шақырым жердегі Тасөткел ауылына қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі су жүйесі істен шығып, Тараз қаласынан 180 шақырым жердегі Тасөткел ауылына қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министрмен бірге Жамбыл облысының әкімі, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылары болған.

Реклама
Реклама

"12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет делегациясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, аймақтағы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді. Аймаққа іссапар барысында делегация "Қазәуеқұтқару" АҚ тиесілі № UP-MI705 тіркелген Ми-171 тікұшағымен Қордай - Тараз бағытында ұшты. Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі су жүйесі істен шығып, Тараз қаласынан 180 шақырым жердегі Тасөткел ауылына қонған. Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері аман, әуе кемесі бүлінбеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство бортта денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болмағанын атап өтті.

ҚР Үкімет басшысы резервтегі тікұшаққа отырып, жұмыс кестесіне сәйкес ұшқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная