10 маусым 2021 | 14:48

Мамин Тоқаевқа елде эпидахуал жақсарғанын айтып, есеп берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның биылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен егіс науқанының аяқталғаны жөнінде есеп берілді. 

Премьер-Министр Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі қайта қалпына келу сатысына өткені туралы айтты. Биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайыз болған.

Реклама
Реклама

Асқар Маминнің айтуынша, дамудың негізгі қозғаушы күші 7,2 пайыздық өсім деңгейін көрсетіп отырған өңдеу өнеркәсібі (машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салаларда қарқынды өсім бар), құрылыс секторы болып отыр.

Экономиканың өндірмейтін секторларында жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның өсімі тау-кен саласын есепке алмағанда 25,5 пайызға жеткен.

"Премьер-Министр еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткенін жеткізді. Бір апта ішінде індет жұқтыру деңгейі 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Жұқпалы аурулар бөлімдерінің 24 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 21 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта, Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары "сары" аймақта. Қалған 10 өңір – "жасыл" аймақта.

Қазіргі таңда 2,4 миллион адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған.

Мемлекет басшысы тұрғындарға вакцина салу қарқынын бәсеңдетпеудің және эпидемияға қарсы шараларды жалғастырудың маңызды екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, құрылыс материалдарының бағасын реттеу, сыртқы және ішкі инвестиция көлемін арттыру, өңдеу секторын дамытып, өсімін қамтамасыз ету арқылы экономиканың құрылымдарын әртараптандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная