15 қыркүйек 2020 | 15:01

Мамин Тоқаевқа есеп берді

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады.

Реклама
Реклама

Премьер-Министр сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3 пайызға, оның ішінде машина жасау – 16,3 пайызға,  көлік құрастыру – 51,8 пайызға, сондай-ақ фармацевтика – 34,1 пайызға, жеңіл өнеркәсіп – 11 пайызға, химия өнеркәсібі – 3,1 пайызға және дайын метал өнімдерін шығару – 18,8 пайызға өскенін мәлімдеді.

2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында, жалпы сомасы 996 млрд теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 триллион теңгеге, экспортты 325 миллиард теңгеге арттыруға және 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Құрылыс көлемі – 6,5пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 6,4 пайызғанемесе 8,1 миллион шаршы метрге артты. Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артық.

Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9 пайыз болды, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6 пайызға артты.

Асқар Маминнің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде әлеуметтік маңызды тауарлар бағасынының артуын 4,4 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе (8,7 пайыз) төмен.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар аясында 874 мың адам жұмыспен қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 82,1 пайыздан асады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная