ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2020 | 17:24
Мамин Үкіметтің 2020 жылға қойған міндеттерін айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Бұл туралы Primeminister.kz сайтында жарияланды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Бұл туралы Primeminister.kz сайтында жарияланды.
Премьер-министр 2019 жылы Үкімет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, "Nur Otan" партиясының 28 съезінде белгілеген міндеттерді орындауға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға бағытталған жұмысты атқарғанын атап өтті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті, ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады. Өсімнің 85 пайыздан астамын шикізаттық емес салалар қамтамасыз етті. Негізгі драйверлер құрылыс – 12,9 пайыз, сауда – 7,6 пайыз, көлік – 5,1 пайыз және өнеркәсіп – 3,8 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 4,4 пайызды құрады, ол автомобиль жасау (63 пайыз), машиналар мен жабдықтар өндірісі (22 пайыз), фармацевтика (12 пайыз), жеңіл өнеркәсіп (14 пайыз) және сусындар өндірісі (10 пайыз) есебінен қамтамасыз етілген. Тау-кен өндіру өнеркәсібі металл кендерін өндіру көлемінің 16 пайызға ұлғаюының нәтижесінде 3,7 пайызға өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,5 пайызға, оның ішінде жеке инвестициялар 9,5 пайызға өсті. Инфляция жоспарлы 4-6 пайыз шегінде, яғни 5,4 пайыз деңгейінде (2018 жылы – 5,3 пайыз).
Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. 2019 жылы 2,7 миллион азаматтың жалақысы көбейтілді, оның ішінде бизнес арасында кең қолдау алған, ең төменгі жалақыны арттыру шаралары есебінен (42,5 мың теңгеге дейін 1,5 есе) өсті. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз құрады. 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 279 мыңы – тұрақты.
Трансферттерді қоспағанда, мемлекеттік бюджет кірістері 9 триллион 688 миллиард теңгеге (жоспардың 101,2 пайыз) орындалды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 1,5 триллион теңгеге артық. Сыртқы сауда айналымы $97 миллиард дейін өсті, оның ішінде экспорт – $60 миллиард, импорт – $37 миллиард құрады.
2019 жылы шамамен $25 миллиард тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Экономикадағы ШОБ үлесі 29,5 пайызға жетті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 8 пайызға өсті. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспары 93 пайызға орындалды.
"Нұрлы жол", "Нұрлы жер" және өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру 13 миллион-нан астам шаршы метр тұрғын үй салуға, 4,4 мың шақырымнан астам республикалық жолды салуға және реконструкциялауға, 640 шақырымнан астам жолды пайдалануға беруге мүмкіндік берді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында 53 ауылда 452 жоба іске асырылды.
"Инвестиция үшін жаһандық бәсекелестікті күшейту жағдайында Үкімет ел экономикасына инвестициялардың жаңа толқынын тартуға баса назар аударады. Біздің стратегиялық міндетіміз – негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемін жыл сайын орта есеппен 15 пайызға арттыру және оның деңгейін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30 пайызна дейін жеткізу (2019 жылы 18,2пайыз)", - деді А. Мамин.
Премьер-министр Үкімет жұмысының негізгі басымдығы халықтың нақты табысы мен тұрмыс сапасын арттыру екенін атап өтті.
2020 жылы Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады, атап айтсақ: инвестицияларды тарту, өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды, экспортқа бағдарланған индустрияландыруды, отын-энергетикалық және агроөнеркәсіптік кешендерін дамыту, экономиканы цифрландыруды арттыру.
Инвестициялық қызметті жандандыру үшін Үкімет 44 триллион теңге сомасына 2 мыңнан астам жобадан тұратын пул құрды. Еңбек өнімділігін бір адамға 8,2 миллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда (2019 ж. – бір адамға 7,4 миллион теңге).
2020 жылы 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында жаңа стандарттарға сәйкес 190 ауылда сапалы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 800-ден астам жоба жүзеге асырылады.
"Сіздің тапсырмаларыңызды орындау мақсатында, Үкіметтің 2020 жылға арналған жұмысының негізгі мақсаты – экономика өсімін 4,7-5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету", - деді А. Мамин.
Премьер-министр 2020 жылы Үкіметтің алдында 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, негізгі капиталға инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 20 пайыз деңгейіне жеткізу; шикізаттық емес экспортты $18,6 миллиард (+$3 миллиард) дейін жеткізу; халықтың нақты табысын 6пайыз (+0,5 п.т.) арттыру, экономикадағы ШОБ үлесін 30 пайызға дейін жеткізу міндеттері тұрғанын атап өтті.
"Үкімет жұмысының басымдықты бағыты – экономикалық өсімді азаматтардың өмір сүру деңгейінің нақты артуының көрсеткішіне айналдыру", - деп түйіндеді А. Мамин.
Показать комментарии
Читайте также