ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2020 | 14:29
Мамырда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер Қазақстанда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, ал оңтүстікте климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады болады7
Сондай-ақ, мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын көп жауатыны айтылады.
"Мамыр айының бірінші жартысында оңтүстік өңірлерде, ал айдың соңында солтүстік өңірлерде үсік жүрмейді. Бірақ биыл мамыр айында түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, солтүстік-шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығыс аумақтардың таулы жерлерінде үсік жүруі мүмкін", -дейді синоптиктер.
Ал 3-5 мамыр аралығында еліміздің солтүстік-шығысында жауын жауып, қарға ұласуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте, шығыста және орталықта ал түнде -3...+5 , күндіз +7...+12, оңтүстік-шығыста түнде +2...+10, күндіз +15...+23; ал оңтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +25...+33 градусқа дейін жоғарылайды.
Ал мамырдың екінші жартысында жауын-шашын тоқтап, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.
Осылайша, синоптиктердің мәліметінше, мамырда орташа ауа температурасы солтүстік өңірлерде +13...+17, ал оңтүстік өңірлерде +18...+23 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также