Мамырда демалыс күндері ауыстырыла ма?

Midjourney Midjourney

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамырда мерекелерге орай демалыс күндері ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамырда мерекелерге орай демалыс күндері ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданыстағы күнтізбеге сәйкес мамырда қазақстандықтарға қосымша үш демалыс беріледі:

  • 1 мамыр (Қазақстан халқының бірлігі мерекесі),
  • 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні),
  • 9 мамыр (Жеңіс күні).

7-9 мамыр аралығында бір жұмыс күні бар (бейсенбі, 8 мамыр), одан кейін бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалады.

Министрлік демалыс күні 8 мамырға ауыса ма деген сауалға жауап берді.

Ведомство демалыс күндерін ауыстыру соңғы рет 2024 жылғы 21 қарашада бекітілгенін және ол тек қаңтардағы мерекеге қатысты болғанын нақтылады.

"Осыған орай 2025 жылы басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ", - деп жазылған жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная