ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2019 | 15:19
"Мән бермей, айыппұлды төлей берген". Астанада жүргізушіге басқа көлік үшін айыппұл салынған
Астанада көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірі басқа адамға тіркелген көлікпен жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада көлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірі басқа адамға тіркелген көлікпен жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Астана тұрғыны Данияр 2018 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа аудандық полиция бөліміне арызданған. Арызда көлік жүргізуші жол көлік ережесін бұзбаса да, оның атына айыппұлдар түсіп жатқанын айтқан. Осыдан кейін тағы да бір жүргізуші дәл осы нөмірмен жол-көлік ережесін бұзып "Сергек" камераларына түсіп қалған. Полиция басқармасында осы арыз бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізілді.
"Желтоқсан айының басында маған айыппұл туралы хабарлама келді. Мен мәр бермей, айыппұлды төледім. Екі аптадан соң маған тағы да екі айыппұл келді. Сосын мен қай жерде жол-көлік ережесін бұзғанымды еске түсіре бастадым. Мен бұзбағаныма сенімді болдым. Qamqor.gov.kz сайтына кіріп, 011 RWA 01 нөмірі Mitsubishi Outlander көлігінің жүргізушісіне тиесілі екенін білдім. Бірақ бұл нөмір маған 2013 жылы берілген. Ал 2016 жылы мен ол нөмірді Toyota Land Cruiser көлігіне ауыстырғанмын", - деді Данияр.
Астана қаласының полиция департаментінің өкілдері 2019 жылы 1 ақпанда іздестіру бөлімінің инспекторы Mitsubishi Outlander жүргізушісін ұстағанын айтты. Оған Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі қолданылған - "Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін жасыру үшін материалдар мен құралдар қолдану немесе оларды жасыру, өзгерту".
Ақырынжа Toyota Land Cruiser жүргізушісінен басқа адамның айыппұлын алып тастады.
"4 ақпанда әкімшілік материал Астананың мамандандырылған аудандық әкімшілік сотына жіберілді. Toyota Land Cruiser жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 741-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сай әкімшілік өндіріс тоқтатылды (әкімшілік құқықбұзушылық дерегінің жоқтығына байланысты)", - деді полиция департаментінің баспасөз өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также