02 маусым 2022 | 14:49

Маңғыстау әкімінің орынбасарын қамау мерзімі ұзарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Ғалымжан Ниязов

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды lada.kz.

Облыс әкімдігінде Ниязовтың жұмыстан шеттетілгені туралы қауесет тараған болатын.

"25 мамырдан бастап Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ, анық-қанығын құқық қорғау органдарынан біле аласыздар", - деді Маңғыстау облысы әкімдігі өкілі.

Реклама
Реклама

Сотта Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарғаны айтылды.

"Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары бойынша 24 мамырда жұмысқа оралған еді. Сонымен қатар, әкім орынбасарының лауазымында қалуы сот шешіміне байланысты екені айтылды. Ол бір аптадан кейін өзгерді.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек үйқамаққа алынғаны айтылды. 24 мамырда ақпанда қамауға алынған әкімінің орынбасары жұмысқа шыққаны белгілі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная