06 қараша 2018 | 10:38

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

Серік Аманғалиев. © Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соттағылардың айтуынша, күдікті екі айға қамауға алынған.

Реклама
Реклама

"Ақтау қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Тергеу департаментінің Аманғалиев Серік Қалешұлына қатысты екі айға қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады соттағылар. 

Соттағылардың айтуынша, Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы аса ірі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері 2018 жылдың 3 қарашасында сағат 18.40-та Ақтау халықаралық әуежайында Аманғалиевті ұстады, оның 115 мың еуро сомасында қаражаты тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная